Участники Tau Foundation

TAU FOUNDATION

ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

ДЕМЕУШІ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!
TAU FOUNDATION

Қор туралы

Біз кімге көмектесеміз?

«TAU FOUNDATION» қоғамдық қоры дарынды жастарды — оқушылар мен студенттерді қолдау мақсатында білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.

Оқушылар мен студенттер — қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының негізгі бенефициарлары. Біздің бастамаларымыз олардың сапалы әрі қолжетімді білім алуына, өз әлеуетін дамытуына және армандарына жетуіне қолдау көрсетуге бағытталған.

Қызмет бағыттары

Қор әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін қайырымдылық қаражат тартады. Негізгі жұмыс бағыттары:

  • Ауылдық және қалалық жерлердегі дарынды оқушылардың ҰБТ-ға сапалы дайындалып, жоғары оқу орнының грантына түсуіне мүмкіндік жасау
  • Ерекше қабілеті мен таланты бар оқушыларға қолдау көрсету
  • Ынталы студенттердің тұлғалық дамуына бағыт-бағдар беру
  • Еліміздегі мұғалім тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосу
  • Мектептің үздік түлектерін мұғалім мамандығын таңдауға ынталандыру
  • Мұғалім мамандығын таңдаған студенттерге қосымша шәкіртақы тағайындау

Нәтижелеріміз

TAU Foundation бастамаларының тарихы 2021 жылдан бастау алады. Осы уақыт ішінде Семей қаласында бірқатар білім беру жобалары жүзеге асырылып, жаңа бастамалар қолға алынды.

Осы кезеңде әртүрлі саладағы компаниялардың тұрақты демеушілік көмегі мен жеке тұлғалардың қайырымдылық қолдауы арқылы 500 млн теңгеден астам қаражат тартылды.

Жүзеге асырылған жобалар аясында Абай облысының 5 000-нан астам ауыл оқушысы іріктеуге қатысып, олардың арасынан 150-ге жуық оқушы екі жыл бойы Семей қаласында ҰБТ-ға кешенді түрде тегін дайындалу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде жоба түлектерінің 100%-ы жоғары оқу орындарының білім гранттарына түсті.

Сонымен қатар, мұғалім мамандығын таңдаған 100-ге жуық студенттің тұлғалық дамуына қолдау көрсетіліп, үздік студенттерге тұрақты түрде қосымша шәкіртақы тағайындалып келеді.

Миссиямыз

Сапалы әрі қолжетімді білім беру арқылы қоғамның дамуына үлес қосу.

Мақсатымыз

Семей қаласының дарынды оқушыларына, сонымен қатар ЖОО студенттеріне және мұғалімдік жолды таңдаған болашақ педагогтарға қолдау көрсету.

TAU FOUNDATION

Біздің команда

Қор жобаларын күн сайын жүзеге асыратын команда

TAU Foundation командасы — 1
TAU Foundation командасы — 2
TAU Foundation командасы — 3
TAU Foundation командасы — 4
TAU FOUNDATION

Құрмет тақтасы

Қордың дамуына ерекше үлес қосқан жандар

TAU Foundation құрмет тақтасы — 1
TAU Foundation құрмет тақтасы — 2
TAU Foundation құрмет тақтасы — 3
TAU FOUNDATION

Жобаларымыз

Jas Abay mektebi

Jas Abay mektebi

Абай облысының ауыл оқушыларына арналған серіктес жоба.

136 оқушы

10-сыныпта — 60, 11-сыныпта — 76. 44 оқушы дарынды балаларға арналған мектептің ішкі грантымен 100% тегін оқиды.

TAU USTAZ

TAU USTAZ

Болашақ мұғалімдерге арналған жоба.

82 студент

29 математик, 14 физик, 14 ағылшын тілі, 10 био-химия, 15 гуманитарлық пән студенті.

TAU TULGA

TAU TULGA

ЖОО студенттеріне арналған жоба.

5 студент
TAU DARYN

TAU DARYN

Семей қаласының оқушыларына арналған жоба.

10 оқушы
TAU TALANT

TAU TALANT

Ерекше қабілеті бар оқушыларға арналған жоба: білім, өнер, ғылым және басқа бағыттар бойынша.

5 оқушы
TAU FOUNDATION

Бізді қолдаушылар

ДЕМЕУШІ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ!
TAU FOUNDATION

Есептілік

Қордың 2023–2025 жылдардағы қаржылық есептері

TAU FOUNDATION

Толығырақ ақпарат

Қордың жобалары, мақсаттары және нәтижелері туралы презентация

TAU Foundation презентациясы — 1-бет
TAU Foundation презентациясы — 2-бет
TAU Foundation презентациясы — 3-бет
TAU Foundation презентациясы — 4-бет
TAU Foundation презентациясы — 5-бет
TAU Foundation презентациясы — 6-бет
TAU Foundation презентациясы — 7-бет
PDF нұсқасын жүктеу · 1,2 МБ
TAU FOUNDATION

Бейнелер

Қор жобалары мен қатысушылары туралы бейнематериалдар